Астанада автокөліктен шыққан өрт сөндірілді
Астананың Есіл ауданында Сарайшық көшесіндегі автотұрақта жеңіл автокөліктен өрт шықты.
Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелерін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.
Qandastar.kz сайты хабарлады.