Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада автотұрақтағы бес көлік бір мезетте өртенді

Малика Хамит 130 қаралым
Астанада автотұрақтағы бес көлік бір мезетте өртенді

Астананың Сарайшық ауданында бірнеше көлік қатарынан өртеніп, тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға Байтұрсынұлы көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің маңындағы автотұрақта болған.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде бес жеңіл көлік түгелдей жалын құшағында болған. Бір-біріне жақын тұрған машиналарға оттың таралуына қатты жел де әсер еткен.

Төтенше жағдай қызметінің алғашқы бөлімшелері шақырту түскеннен кейін 7 минут ішінде оқиға орнына жетіп, өртті жедел сөндірді.

Қазір көліктердің өртенуіне не себеп болғаны анықталып жатыр.

Құтқарушылар жел күшейген кезде оттың өте жылдам таралатынын ескертеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp