Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалалық балалар ауруханасының қызметкеріне қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды
порталы.
Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың сәуір айында денсаулығының нашарлауына байланысты медициналық көмекке жүгінген мейіргерден туберкулез ауруы анықталған.
Қазіргі уақытта ол Қалалық фтизиопульмонология орталығында ем қабылдап жатыр.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде ауру белгілерін көрсетпеген. Сондай-ақ ол 2026 жылдың ақпан айында жоспарлы флюорографиялық тексеруден өтіп, нәтижесінде патология анықталмаған.
Ауру анықталғаннан кейін медициналық ұйымда барлық қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Соңғы үш айда байланыста болған тұлғалар шеңбері анықталды
Сонымен қатар соңғы флюорографиялық тексеруден өткеніне алты айдан асқан медицина қызметкерлері қайта тексерілген. Жалпы 39 адам тексеруден өтіп, олардың арасынан туберкулез жағдайы тіркелмеген.
Мейіргер тексеруден өткен жекеменшік медициналық ұйымға қатысты уәкілетті органдар тарапынан тиісті тексеру жүргізіледі
Қазіргі уақытта ауруханада санитариялық талаптарға сәйкес профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.