Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының аумағы жарықсыз қалды

bahitzhanabzal · · 316 қаралым
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының аумағы жарықсыз қалды

Фото: ашық дереккөз

Астанада Алматы ықшам ауданының бір бөлігі жарықсыз қалды. Оқиғаның себебі белгісіз, деп хабарлады qandastar.kz

Мыңжылдық аллеясы, Тәуелсіздік даңғылы, Қордай және Байтұрсынов көшелерінде электр жарығы сөндірілді. Бұл ауданда Тәуелсіздік сарайы мен Бейбітшілік және келісім сарайы орналасқан.

«Технологиялық бұзушылық 15:06-да орын алған. Себептері белгісіз. 15;32-де резервтік қуатқа ауысу жасалды. Қазір оның себебін анықтау және жою жұмыстары жүргізілуде», - делінген энергетикалық компанияның хабарламасында.

Әзірге аймақ резервтік қуатпен қамтамасыз етілген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp