Астанада автотұрақта тұрған бес көлік өртеніп, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оқиға 6 қазанда болған.
Автотұрақтағы көліктердің бірінен өрт шығып, кейін жалын өзге көліктерге тараған.
Өрт кезінде жүргізушілердің бірі көлігін құтқарып қалуға әрекет жасаған. Алайда ол жарақат алып, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады.
Науқас реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр. Жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр
Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.