Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада ЕАЭО саммиті: Қазақстанға Владимир Путин келеді

Малика Хамит · · 128 қаралым
Астанада ЕАЭО саммиті: Қазақстанға Владимир Путин келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-29 мамыр күндері Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорда мәліметінше, келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін және оны одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды.

28 мамыр күні Астанада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

Ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp