Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада екі туристік полиция қызметкері жұмыстан шығарылды

Бақытжан Мұса · · 20 қаралым
Астанада екі туристік полиция қызметкері жұмыстан шығарылды

Астана қаласының Полиция департаменті туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ведомство мәліметінше, елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде әдеп нормалары мен полиция қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.

Полиция департаменті қызметтік міндетін атқарып жүрген және формалық киім киген қызметкерлердің мұндай әрекетке баруы орынсыз екенін атап өтті.

«Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті», – делінген ведомство хабарламасында.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp