Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада ер адам 30 метр биіктіктегі көпір доғасына шығып кеткен

Малика Хамит 75 қаралым
Астанада ер адам 30 метр биіктіктегі көпір доғасына шығып кеткен

Астанада құтқарушылар көпір үстінде болған қауіпті жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Сарыарқа ауданында полицияға «Қараөткел» көпірінің доғасына ер адамның шығып кеткені туралы хабар түскен. Ол шамамен 30 метр биіктікте болған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары дереу жетті. Мамандар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, ер адамды биіктіктен қауіпсіз түсірді.

Құтқарылған азамат полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp