Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада ерлі-зайыпты блогерлер Жанабыловтарға сот үкімі шықты

Малика Хамит · · 603 қаралым
Астанада ерлі-зайыпты блогерлер Жанабыловтарға сот үкімі шықты

Астанада ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Сот үкімімен Ерболат Жанабыловқа мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Эльмира Төлегенова екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған үш баласы болғандықтан жазаны орындау 2 жылға кейінге қалдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл іс бойынша сот 16 наурызда басталды.

Сот отырысына Ерболат Жанабылов жүргізген 10 көлік ұтыс ойыны түрткі болды.

Осыдан кейін Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне блогерлердің әрекетін тексеру туралы өтініш түсті.

Тергеу барысында агенттік Жанабыловтар ұсынған курстар олардың көрсетілген мазмұнына сәйкес келмейтінін анықтады.

16 қазанда блогерлерге қарсы іс қылмыстық іс ретінде қайта сараланды.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp