Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты

Бақытжан Мұса · · 1 118 қаралым
Астанада Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты

Астана қаласында Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлады.

Астана соттарының мәліметінше, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныған. Сот үкіміне сәйкес, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген.

Іс жабық режимде қаралғандықтан, оқиғаның өзге мән-жайлары жария етілмейді. Сондай-ақ сот өкілдері Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес қосымша ақпараттың таратылмайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 2025 жылдың 29-ынан 30 қазанға қараған түні болған. Полиция дерегіне сәйкес, бұрыннан таныс адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Соның салдарынан ер адам алған жарақатынан көз жұмған.

Күдікті сол кезде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp