Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада ірі ұтыстар туралы хабарлайтын алаяқтық call-орталығы жойылды

bahitzhanabzal · · 193 қаралым
Астанада ірі ұтыстар туралы хабарлайтын алаяқтық call-орталығы жойылды
Фото:полиция
ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері елордалық бизнес-орталықтардың бірінде алаяқтық сall-орталықты жойды, деп хабарлайды qandastar.kz
Қаскөйлер өздерін "Техносмарт", "Байзон", "Like me shop" интернет-дүкендерінің қызметкерлері ретінде таныстырып, көліктер мен пәтерлер сияқты ұтыстар туралы хабарлап, оларға салық төлеу қажетті туралы айтқан. Жедел іс-шараларды өткізу кезінде кеңсенің алты қызметкері ұсталды. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары. Жеті ноутбук, маршрутизатор, wi-Fi роутер тәркіленді. Zakon.kz хабарлағандай, Жетісу облысында полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтық жасау үшін sim-box құрылғысын пайдалану фактісін анықтады. Тінту барысында 96 слоты бар жеті sim-box құрылғысы, қазақстандық ұялы операторлардың 50 мыңнан астам sim-картасы, жеті ұялы телефон, екі ноутбук, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған деп болжанған ИЖ-53 маркалы екі пневматикалық тапаншасы және төрт армиялық каска тәркіленді. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Биыл киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері барлығы 64 sim-box құрылғысын анықтап, отандық ұялы операторлардың 90 мыңға жуық sim-картасын тәркіледі.
Бөлісу: Telegram WhatsApp