Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференция өтті. БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен Интерполдың қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға 27 мемлекеттің өкілдері қатысты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Конференция барысында трансұлттық киберқылмысқа қарсы бірлескен іс-қимылды күшейту, жедел ақпарат алмасу және халықаралық тергеп-тексерулерді үйлестіру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ Астанада БҰҰ қамқорлығымен киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі өңірлік орталық құру бастамасы талқыланды. Бұл бастама мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар киберқылмысқа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірлескен мәлімдеме қабылдады.