Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада қоғамдық дәретханада түсірілген видео үшін жастар жауапқа тартылды

Бақытжан Мұса · · 2 040 қаралым
Астанада қоғамдық дәретханада түсірілген видео үшін жастар жауапқа тартылды

Астанада қоғамдық орындардың бірінде түсірілген бейнеролик әлеуметтік желіде таралып, оның авторлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, дейді Qandastar.kz сайты

Оқиға қала саябақтарының біріндегі әйнекті қоғамдық дәретханада болған. Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшылары бейнежазбаны анықтап, оның авторларын жедел түрде анықтаған.

Белгілі болғандай, видеоны 20 және 22 жастағы қала тұрғындары түсірген. Олар әлеуметтік желіде контент жасап, қаралым жинау мақсатында әдейі кабинка әйнегінің көлегейлеу функциясын қоспаған.

Тексеру нәтижесінде екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әрқайсысына 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Полиция өкілдері интернеттегі танымалдыққа ұмтылу қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы тиіс екенін ескертіп, азаматтарды қоғамдық орындарда және онлайн кеңістікте әдеп нормаларын сақтауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp