Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада көлік жарылды: бес адам ауруханаға жеткізілді

Малика Хамит · · 954 қаралым
Астанада көлік жарылды: бес адам ауруханаға жеткізілді

Астанада жеңіл автокөлікте болған жарылыс салдарынан бес адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Олардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға Сарайшық ауданындағы Қалибек Аманжолов көшесінде болған. Төтенше жағдай орнына өрт сөндірушілер мен апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жетіп, өртті толық сөндірді.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасы жарылған.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін автомобильде газ-ауа қоспасы жарылған. Оқиға салдарынан жақын маңдағы бірнеше көлік құралдары зақымданды
деп хабарлады ведомство.

Жарылыс салдарынан төрт ересек адам мен бір бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Олар №1 көпсалалы қалалық аурухана мен №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмектің толық көлемін көрсетіп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp