Астанада ТЖМ қызметкерлері Есіл өзеніне секірген қызды судан шығарып, құтқарып қалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оқиға Сарыарқа ауданында Бейсекова көшесіндегі көпір маңында болған. 2006 жылы туған қыз көпірден өзенге секірген.
Оқиға туралы хабар түскен бойда құтқарушылар шұғыл жеткен. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жүзу құралы арқылы қызға жақындап, оны судан алып шығып, жағаға жеткізген.
Кейін қыз жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.