Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада күніне 10 мың адамға қоңырау шалған алаяқтар қамалды

bahitzhanabzal · · 291 қаралым
Астанада күніне 10 мың адамға қоңырау шалған алаяқтар қамалды

Фото: прокуратура

Астанада әлеуметтік желіде фейк-аккаунттар және фейк-нөмірлер арқылы шабуыл жасайтын қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды qandastar.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокуратура  заңсыз іске қосылған SIM қораптар анықталды. Абоненттік нөмірлерді ауыстыруға және мекен-жайды өзгертуге арналған құрылғылар тәркіленді.

SIM қораптары көптеген SIM карталарын сақтау және пайдалану үшін, бір уақытта ондаған қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Жарты мыңға дейін «сим» орналастырылғаны және сағатына жүздеген хабарламалар жібергені анықталды. Жалпы, тәркіленген жабдықтың қуаттылығы күніне 10 мыңнан астам алаяқтық қоңырау шалуға мүмкіндік берген
деп хабарлады Астана прокуратурасы.

Қазір зардап шеккендер анықталып жатыр.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp