Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада кездесуге барған жігіт қыздың қымбат телефонын ұрлап кеткен

bahitzhanabzal · · 1 059 қаралым
Астанада кездесуге барған жігіт қыздың қымбат телефонын ұрлап кеткен

Полиция қызметкерлері кездейсоқ танысының қымбат смартфонын ұрлады деген күдікпен 27 жастағы жігітті ұстады, деп жазды

Тергеу мәліметінше, жас жігіт жәбірленушімен елордадағы түнгі ойын-сауық орындарының бірінде танысқан. Әңгіме қонақ үй нөмірінде жалғасқан.

Бойжеткен ұйықтап жатқан кезде жағдайды пайдаланып, құны 700 мың теңгеден асатын мобильді телефонды ұрлап кеткен. Көп ұзамай телефонды кездейсоқ жолыққан адамға сатып жіберген. Жәбірленуші полицияға хабарласып, күдіктінің сырт келбетін егжей-тегжейлі сипаттап берген
деп хабарлады полицияда.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жігіттің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Ұрланған зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp