Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада лифтте жасөспірімнен жапа шеккен 5 жасар баланың беті жансызданып қалды

bahitzhanabzal · · 324 қаралым
Астанада лифтте жасөспірімнен жапа шеккен 5 жасар баланың беті жансызданып қалды

Фото: Видеодан скрин

Астанадағы тұрғын үй лифтінде жасөспірім бетін пышақпен тілген 5 жасар баланың анасы ұлына шұғыл көмек керек екенін айтты. Бала шетелде жасалатын емге мұқтаж, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Баланың бет жүйкесі зақымданған… Сол жақ беті жансызданып қалды”, – деп жазды баланың анасы.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы К-ның II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаныны қарамастан, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған Е-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады.

Сот қаулысына сәйкес, К-ға Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp