Астана қаласының су айдындарында мұз қату кезеңі басталды. Құтқарушылар мұздың қалыңдығы біркелкі болмағандықтан, тұрғындарды су айдындарына шықпауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Елорда құтқарушылары тұрғындар мен қысқы балық аулаушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар мұздың бастапқы қату кезеңінде ерекше қауіпті екенін түсіндіріп, жұқа мұз үстімен жүру адам өміріне қатер төндіретінін ескертуде.
Сонымен қатар су айдындарының маңына «Мұзға шығуға болмайды» деген ескерту белгілері орнатылуда.
Құтқарушылар мұз толық қатпайынша су айдындарына шықпауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.
Мамандар жұқа мұздың адам өміріне қауіп төндіретінін еске салады.