Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада оқушы қатарласын электрошокермен талдырған

bahitzhanabzal · · 439 қаралым
Астанада оқушы қатарласын электрошокермен талдырған
Фото: ашық дереккөз
Астанадағы №81 ағылшын тілінде оқытатын ақылы мектептің 8-сынып оқушысы құрдасына электрошокер қолданып сес көрсеткен. Тоқ ұрған қатарласы бірден мектеп дәлізінде талып қалған, деп хабарлайды qandastar.kz
Оқиғаға куә болған ата-аналардың айтуынша, бала шамамен екі сағаттай есін жинай алмаған. Тек содан кейін ғана, жағдайдың ушыққанына көз жеткізген соң, мектеп әкімшілігі жедел жәрдем шақырған. Тоқ ұрған бала қазір  №2 көпбейінді ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер баланы тілге келтіріп, қажетті ем-дом жасағанын мәлімдеді, деп хабарлады КТК телеарнасы. Бұзақылыққа барған баланың ата-анасына хаттама толтырылып, тергеу басталды. Мектепке жылына миллион теңгеден көп ақша төлейтін ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдаулы.
Бөлісу: Telegram WhatsApp