Бүгін Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтуде. Іс-шараға қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына жиналды. Қонақтарды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Ақорда порталына сілтеме жасап.
Ақорданың мәліметінше, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылған бұл диалог алаңының негізгі мақсаты – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, оларды қалпына келтіру және тиімді пайдалану бағытында ортақ саясат қалыптастыру. Сонымен қатар, Орталық Азия өңіріндегі биоалуантүрлілікті сақтау мәселесі қарастырылуда.
Пленарлық отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Армения, Моңғолия, Грузия және Әзербайжан өкілдері, сондай-ақ БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары қатысады деп жоспарланған.