Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт өкілдері сайлауға қатысты

Бақытжан Мұса
gov.kz
gov.kz

Астанада паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт өкілдері қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады. Дауыс бергендердің арасында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен танымал спортшылар бар. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Сайлауға сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Болат Данияров пен Дәурен Оразұлы, пара оқ атудан жаттықтырушы Михаил Бурчалин, сондай-ақ параби, сурдофутбол және сурдо таэквондо жаттықтырушылары қатысты.

Сонымен қатар, өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскесіне пара оқ атудан әлем кубогының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері Ардақ Оторбаев та келді.

Спортшының айтуынша, әрбір сайлау азаматтарға елдің болашағына қатысты өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді. Ол қазақстандықтардың дауыс беруге белсенді қатысуын оң бағалап, бұл халықтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсететінін атап өтті.

Сондай-ақ дауыс беруге пара дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Аслан Нұрдәулетов те қатысты. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сайлауда дауыс бергені туралы бейнежазба жариялады.

Спортшылардың сайлауға қатысуы олардың азаматтық ұстанымын білдіріп, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласатынын көрсетті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp