Фото: zakon.kz
Астанада Сембинов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің оныншы қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды qandastar.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Өрт жатын бөлмесінде басталып, көрші бөлмелерге таралу қаупі төнген.
Құтқарушылар көрші пәтерден 5 адамды, оның ішінде үш баланы эвакуациялады.
"Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт тез арада оқшауланып, басқа бөлмелерге таралмай жойылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.