Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада пәтерден суррогат алкоголь сатқан тұрғын анықталды

bahitzhanabzal · · 240 қаралым
Астанада пәтерден суррогат алкоголь сатқан тұрғын анықталды

Астанада Saq жасағы жүргізген рейд барысында OLX платформасы арқылы қолдан дайындалған суррогат алкогольді сатып жүрген азамат ұсталды, деп жазады qandastar.kz.

Ер адам заңсыз өнімді Абылайхан көшесіндегі 54-үйде орналасқан өз пәтерінен жасырын сатып келген. Оқиға орнына полиция шақырылып, нәтижесінде 3 литрге жуық қауіпті өнім тәркіленді.

Бұл жағдай қарапайым көпқабатты тұрғын үйде орын алған - айналасында отбасылар тұрады, балалар ойнайды, адамдар өз күнделікті тіршілігін жасап жүр. Ал дәл сол жерде бір адам өмірге қауіпті өнімді кәдімгі тауар сияқты еркін саудалап отырған.

Көп жағдайда мұндай қауіпті заттар дәл жанымызда - көрші пәтерлерден, онлайн хабарландырулардан - шығатынын байқамай қаламыз. Біреу суррогатты «қауіпсіз» тауардай ұсынса, оның зиянды екенін білмейтіндер өз өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан осындай деректерді жасырып қалмай, дер кезінде хабарлап, әрекет ету - қауіпті өнімдердің таралуына тосқауыл қоюдың ең тиімді жолы
делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 𝐃𝐀𝐋𝐀 𝐐𝐘𝐑𝐀𝐍𝐃𝐀𝐑𝐘 | 𝐒𝐀𝐐 𝐓𝐄𝐀𝐌 (@saq__team)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp