Астанада әлеуметтік желідегі тікелей эфирлері арқылы арандатушылық және әдепке жатпайтын пікірлер айтқан Ресей азаматына қатысты шара қабылданды, деп хабарлайды
порталы.
Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде шетелдік азаматшаның эфирлерін анықтаған.
Іс сотта қаралып, әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынған.
Сонымен қатар сот шешіміне сәйкес, оны Қазақстан аумағынан шығару бойынша тиісті шаралар қабылданды. Қазір ол елден кеткен.
Бұдан бөлек, ресейлік азаматшаға Қазақстанға бес жыл бойы кіруге шектеу қойылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)
Полиция Қазақстан шетел азаматтары мен туристер үшін ашық екенін атап өтті.
Алайда ел аумағында жүрген кез келген адам заң талаптарын сақтап, Қазақстанға, оның азаматтарына және жалпыға ортақ әдеп нормаларына құрметпен қарауы тиіс.