Құрбан айт мерекесі кезінде тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу үшін санитариялық талаптарды қатаң сақтау қажет, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, мереке күндері мал сату, құрбан шалу және тағам дайындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды.
Бұл тағамнан уланудың, жіті ішек инфекциялары мен аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі
Комитет өкілдері малды тек арнайы белгіленген орындарда сатуға және союға кеңес берді. Сондай-ақ жануарларда ветеринариялық құжаттардың болуы, ал сою орындарында санитариялық талаптардың сақталуы міндетті екені айтылды. Қызметкерлердің медициналық кітапшалары да тексерілуі тиіс.
Санитарлар үйде дайындалған консервілерді қолданар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізуді ұсынды. Ал тез бұзылатын тағамдарды ұзақ сақтамай, дайындалғаннан кейін бірден тұтынған дұрыс.
Сонымен қатар инфекциялық немесе тері ауруларының белгілері бар адамдарды ас дайындауға жібермеу қажет екені ескертілді.
Мешіттер мен қоғамдық тамақтану орындарында суық және ыстық судың үздіксіз берілуі, қол жуу құралдарының болуы, желдету жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі және тағам өнімдеріне қатысты құжаттардың толық болуы талап етіледі.
Бұдан бөлек, қызметкерлер күнделікті медициналық тексеруден өтіп, санитариялық талаптарды қатаң сақтауы керек.