Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада саябақта жұртты шошытқан ер адам 15 тәулікке қамалды

Малика Хамит · · 798 қаралым
Астанада саябақта жұртты шошытқан ер адам 15 тәулікке қамалды

Астанада саябақта болған оқиға тұрғындардың наразылығын тудырды.

Қоғамдық орында отырған ер адам әдепсіз әрекет жасап, айналасындағыларды шошытқан, деп хабарлайды

порталы.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 102 арнасына саябақтардың бірінде ер адамның жыныс мүшесін көрсеткені туралы хабар түскен. Полицейлер оқиға орнына жедел жетіп, 40 жастағы азаматты ұстаған.

Тексеру барысында ер адамның мас күйінде болғаны анықталды. Оның әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланып, әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзады және заңда белгіленген жауапкершілікке әкеледі. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және айналасындағыларды құрметтеуге шақырады
деп хабарлады ведомство.

Полиция тұрғындарға қоғамдық орындардағы мінез-құлық талаптарын сақтаудың маңызын ескертті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp