29 қарашада Астанада мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткен күні 26 сәби дүниеге келді. Қала тұрғындары сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатқанда, елорданың перзентханаларында ондаған отбасы нәрестелерін құшағына алды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Қалалық медициналық ұйымдардың мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 15-і қыз бала болса, 11-і ұл бала.
Елордадағы перзентханалар мен босандыру ұйымдарының дәрігерлері жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, Астанада ана мен баланың денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта жүкті әйелдерге, босану кезінде және жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.