Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада табадағы майдың тұтануы тұрғын үйдегі өртке ұласты

Малика Хамит · · 288 қаралым
Астанада табадағы майдың тұтануы тұрғын үйдегі өртке ұласты

Астанада Қалдаяқов көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер өртенді, деп хабарлайды

порталы.

Өрт 22 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатында орналасқан пәтерде болған.

Төтенше жағдай орнына жедел жеткен құтқарушылар тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде ауыздықтады.

Өрт шамамен 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

ТЖМ мәліметінше, тұрғындар өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өз бетінше сыртқа шығып үлгерген. Оқиға кезінде өрт сөндірушілер пәтер ішінен мысықты құтқарып, оған алғашқы көмек көрсетті.

Өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ
деп хабарлады құтқарушылар.

Алдын ала ақпарат бойынша, өрттің шығуына ас дайындау кезінде табадағы майдың тұтануы себеп болған. Мамандар тұрғындарды тамақ әзірлеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp