Желіде Астанада танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Полицияның мәліметінше, қалада екі көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Алдын ала дерек бойынша, Toyota Land Cruiser жүргізушісі апатқа себеп болып, кейін оқиға орнынан кетіп қалған.
Жедел іздестіру шаралары барысында аталған көлік Достық көшесінде тоқтатылған. Полицияның хабарлауынша, рөлде отырған 35 жастағы ер адамның бойынан алкогольдік масаңдық белгілері байқалған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір барлық мән-жайды анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Полиция заң талаптары барлық азаматқа бірдей қолданылатынын атап өтті.