Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада төрт жасар қыз терезеден құлап көз жұмды

Бақытжан Мұса · · 38 қаралым
Астанада төрт жасар қыз терезеден құлап көз жұмды

Астанада қайғылы жағдай тіркелді. Төрт жасар қыз бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Мәлімет syrmedia.kz Telegram-арнасында жарияланған. Куәгерлердің сөзінше, бүлдіршін москит торымен бірге төменге құлаған.

Астана қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Алдын ала ақпаратқа сәйкес, төрт жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап, ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары ата-аналарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Мамандар балаларды қараусыз қалдырмауға, терезелерді ашық ұстамауға, москит торларына сенбеуге және терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуға кеңес берді. Сондай-ақ жиһазды терезе маңынан алыс орналастыру қажеттігі ескертілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp