Фото: видеодан скрин
Елордалық өрт сөндірушілер жиһаз цехындағы өртті сөндірді, – деп жазды qandastar.kz
ТЖМ мәліметінше, Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойындағы бөлек тұрған жиһаз цехының ғимаратында жинақталған қоқыс пен станоктар өртенген.
ТЖМ күштері қысқа мерзімде 40 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрт себебі анықталуда
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.