Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада түлкі балықшылардың олжасын тасып кетпек болды

bahitzhanabzal · · 126 қаралым
Астанада түлкі балықшылардың олжасын тасып кетпек болды

Астанада дала түлкісі ұсталған балықтар салынған арбаны сүйреп әкетпекші болған. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жыртқышты тіпті адамдардың болуы да тоқтатпады.

“Көрдіңіздер ме, балықтың бәрін алып кеткісі келеді. Тіпті қорықпайды. Бірінші рет көріп тұрмын мұндай түлкіні. Тіпті саспайды”, – делінген видеода.

Түлкі жемтікті тартып әкетуге тырысқанымен балықшылар ұстаған балықтарын бермеді. Бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін түлкі шегінуге мәжбүр болған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp