Астанада 27 мамырдан бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды. Қабылдау науқаны аясында елордадағы мектептердің біріне үшемнің құжат тапсырғаны белгілі болды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты қала әкімдігіне сілтеп хабарлады.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Күнтуған, Айтуған және Нұртуған Бақыт есімді ағайынды үшемдер жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттайды.
Олар Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде қазақ тілінде білім алады.
Балалардың ата-анасы ұлдарының білім жолындағы алғашқы қадамы сәтті болып, елге қызмет ететін білімді әрі тәрбиелі азамат болып өсуін тілейтіндерін жеткізді.
Еске салайық, Астана қаласында бірінші сыныпқа қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.