Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада WorldSkills Kazakhstan 2026 чемпионаты басталды

Бақытжан Мұса
Оқу-ағарту министрлігі
Оқу-ағарту министрлігі

Астанада кәсіби шеберліктің XI республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 840-тан астам конкурсант пен мыңға жуық сарапшы қатысып жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Салтанатты шараға Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов қатысып, чемпионаттың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ қатысушыларға сәттілік тіледі.

Чемпионат аясындағы сайыстар алты бағытты қамтитын 44 құзыреттілік бойынша өтеді. Олардың қатарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, көлік және логистика, әлеуметтік және жеке қызметтер, креативті индустриялар мен дизайн, құрылыс технологиялары бар.

Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – кейбір конкурстық тапсырмаларды орындау кезінде жасанды интеллект құралдары қолданылады. Бұл қатысушыларға кәсіби міндеттерді шешуде заманауи цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, чемпионат 26-28 қараша аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 30 қарашаға жоспарланған.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырады. Ұлттық операторы – «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Бөлісу: Telegram WhatsApp