Астанада тұрғын үйлердің бірінің ауласында түн ортасында киімсіз жүрген 48 жастағы ер адам 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Полицияның мәліметінше, ер адам қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Тексеру барысында оның бұл әрекетті алғаш рет жасамағаны анықталды. Бұған дейін де ол өзенге жалаңаш түсіп, жұртшылықтың назарын аударған.
Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, құқық бұзушы оқиға кезінде орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.
Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген заңсыз әрекет заң аясында жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
[video width="576" height="1024" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/07/police__astana_1783924686857.mp4"][/video]