Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада жаңа әуежай салу жұмыстары келесі жылы басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Министр Үкімет отырысында елордадағы әуежай инфрақұрылымын жаңғырту басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
«Қала әкімдігі қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрылысты келесі жылы бастау жоспарланған», – деді Нұрлан Сауранбаев.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жаңа әуежай салу мәселесін «кейінге қалдыруға болмайтын міндет» деп атаған еді.
Жоспар бойынша, алдағы үш жыл ішінде Қазақстан астанасының әуежай инфрақұрылымы жаңғыртылмақ. Бұл бағыттағы негізгі басымдық елорда әуежайына беріліп отыр.