Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада жаңа туған сәбиін сатқан ана ата-ана құқығынан айырылды

Малика Хамит · · 539 қаралым
Астанада жаңа туған сәбиін сатқан ана ата-ана құқығынан айырылды

Астанада жаңа туған баланы заңсыз беру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып, 19 жастағы ана ата-ана құқықтарынан айырылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы елорда прокуратурасы хабарлады.

Тергеу мәліметінше, жас әйел делдалдардың көмегімен жүктіліктің сегізінші айында жалған суррогат ана болу туралы келісім жасаған. Кейін ол жаңа туған сәбиін ерлі-зайыпты жұпқа ақшалай сыйақы үшін берген.

Соттың 2025 жылғы 23 мамырдағы үкімімен ана мен делдалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша кінәлі деп танылды. Оларға пробациялық бақылаумен шартты түрде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Баланың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында сәби мамандандырылған мекемеге орналастырылған. Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Мамандандырылған балалар үйінің» талап-арызы негізінде анасы ата-ана құқықтарынан айырылды.

Прокуратура балаларға қатысты заңсыз мәмілелер қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салып, мұндай істер құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін мәлімдеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp