Астанада Ақаба процесі аясында «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбына арналған халықаралық саммит өтіп жатыр. Саммитке бірқатар мемлекет басшылары мен жоғары лауазымды тұлғалар қатысуда. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысуда.
Сонымен қатар саммитке Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысып жатыр.
Саммиттің негізгі тақырыбы – жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік мәселелері.