Астанада өрт сөндірушілер жеңіл автокөлікте шыққан өртті жедел түрде ауыздықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Алматы ауданындағы Орхон көшесінде болған. Көлік кенеттен отқа оранған.
Құтқарушылар өртті қысқа уақыт ішінде сөндіріп, жағдайдың ушығуына жол бермеген. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
[playlist type="video" ids="56550"]
Ведомство автокөлік иелерін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.