Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада жол үстінде дрифт ұйымдастырған шетелдік жазаланды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 92 қаралым
Астанада жол үстінде дрифт ұйымдастырған шетелдік жазаланды (ВИДЕО)

Астанада жолдың жүру бөлігінде дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды

порталы.

Құқық бұзушылықты қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының мамандары бейнебақылау камералары арқылы анықтаған.

Оқиға туралы ақпарат патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел жолданып, жүргізуші көп ұзамай ұсталды.

Тексеру барысында қауіпті маневрді BMW автокөлігінің жүргізушісі жасағаны белгілі болды. Оның 29 жастағы шетел азаматы екені анықталды.

Полиция мәліметінше, жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені, көлік пайдалану қағидаларын бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Ал оның көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция агрессивті көлік жүргізу мен дрифт жасау жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіретінін еске салды. Ведомство мұндай құқық бұзушылықтарға қатысты қатаң шаралар қолданылып, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp