Астанада шетелдіктерге ЖСН-ды заңсыз рәсімдеу схемасы әшкереленді, деп хабарлайды
порталы.
Астана қаласында шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін заңсыз алып берумен айналысқан қылмыстық схема тоқтатылды.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің елорда бойынша департаменті хабарлады.
Тергеу мәліметінше, 2024–2025 жылдары бір топ адам шетел азаматтарына Қазақстанға келмей-ақ ЖСН рәсімдеуге мүмкіндік берген. Заң бойынша мұндай қызмет тек адамның жеке қатысуы және міндетті биометриялық сәйкестендіруден кейін ғана көрсетілуі тиіс.
ҚМА мәліметіне сәйкес, схемаға әлеуметтік желілер арқылы тапсырыс берушілерді іздеген делдалдар мен мемлекеттік жүйеге қол жеткізе алған қызметкерлер қатысқан. Олар ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізіп, шетел азаматтарына ЖСН алуға арналған жалған өтінімдер дайындаған.
Заңсыз қызмет үшін төлемдер делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде жасалып, кейін қатысушылар арасында бөлінген.
ҚМА өкілдері заң бұзушылықтың жолы кесілгенін атап өтті.
Қолданыстағы талаптарға қарамастан, азаматтардың жеке қатысуынсыз ЖСН рәсімдеу фактілері анықталды. Қылмыстық схемаға қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, іс сотқа жолданды
Қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.