Мазмұнға өту
qandastar.

Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдірген екі адам ұсталды

Бақытжан Мұса · · 28 қаралым
Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдірген екі адам ұсталды

Астанада Журналистер аллеясында вандализм фактісі тіркелді. Полиция мүсіндік композиция мен аумақтағы қоқыс жәшіктерін бүлдірген екі азаматты анықтады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Полиция мәліметінше, оқиға бүгін таңертең болған. Құқық қорғау органдары 18 жастағы елорда тұрғыны мен кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция вандализм әрекеттерінің жолын кесу және кінәлі тұлғаларды заңға сәйкес жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp