Мазмұнға өту
qandastar.

Астанадағы аулада тапаншадан оқ атылды: полиция мән-жайды түсіндірді

Малика Хамит · · 10 қаралым
Астанадағы аулада тапаншадан оқ атылды: полиция мән-жайды түсіндірді

Астанада тұрғын үйдің ауласында тапаншадан оқ атылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Полицияға аулада атыс болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері дереу барған.

Тексеру барысында аулада бір топ жас азаматтың алкогольдік ішімдік ішіп отырғаны анықталды. Полицияның мәліметінше, жастар агрессивті мінез-құлық көрсеткен.

Осы кезде үй тұрғындарының бірі жағдайды тоқтату үшін газ тапаншасынан аспанға ескерту ретінде оқ атқан.

Оқиғаға қатысқандардың барлығы сол жерде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдарға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Полиция тұрғындардың жарақат алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp