Мазмұнға өту
qandastar.

Астанадағы ескі вокзалда асхана төбесі опырылып түсті

Бақытжан Мұса · · 418 қаралым
Астанадағы ескі вокзалда асхана төбесі опырылып түсті

Астанадағы ескі теміржол вокзалында орналасқан қоғамдық тамақтану орнының төбесінің бір бөлігі құлап түсті. Оқиға 28 маусым күні таңертең болған, дейді Qandastar.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода асхана ішіндегі төбенің опырылғаны көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, сол кезде ғимарат ішінде шамамен 8-9 адам болған. Олардың басым бөлігі сыртқа шығып үлгерген. Бір әйел жеңіл жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, оқиға таңғы сағат 05:35 шамасында вокзал аумағындағы «Ертас» ЖШС-не тиесілі қоғамдық тамақтану орнында болған.

Вокзалдағы медициналық пунктке екі адам жүгініп, алғашқы медициналық көмек алған. Олар жедел жәрдем шақырудан бас тартқан. Оқиғаға байланысты вокзал басшылығы тиісті құжаттарды рәсімдеген.

ҚТЖ өкілдерінің хабарлауынша, асхана орналасқан ғимараттың бұл бөлігі 2002 жылдан бері «Ертас» ЖШС-нің жеке меншігінде. Оның жалпы аумағы 2371 шаршы метрді құрайды.

Компания аталған нысан ұлттық тасымалдаушының өндірістік қызметіне жатпайтынын атап өтті. Осыған байланысты ҚТЖ оның жұмысына араласпайды және ғимаратты күтіп-ұстауға жауапты емес.

[playlist type="video" ids="56233"]

Бөлісу: Telegram WhatsApp