Мазмұнға өту
qandastar.

Астанадағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Бақытжан Мұса · · 1 398 қаралым
Астанадағы қоқыс полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Астанадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртті сөндіру шаралары әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, елорданың Байқоңыр ауданындағы қоқыс полигонында өрт сөндірушілер тәулік бойы жұмыс істеуде. Өртпен күресті күшейту үшін екі жауынгерлік учаске құрылып, қажетті күштер мен арнайы техника жұмылдырылған.

Мамандар жалынның таралуын тоқтату және өрт ошақтарын оқшаулау үшін полигон аумағын инертті материалдармен жабу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиға орнына шамамен 14,85 мың тонна инертті материал жеткізілген.

Құтқарушылардың жұмысын қалың түтін мен қалдықтардың тұрақсыз орналасуы қиындатып отыр. Бұл жағдай арнайы техниканың қозғалысына және ірі көліктердің жұмыс істеуіне кедергі келтіруде.

Өртті сөндіруге ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардан 120-ға жуық маман және 150 техника тартылған. Су жеткізу жұмыстары өрт сөндіру көліктері мен арнайы су тасымалдаушы техникалар арқылы үздіксіз қамтамасыз етілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігі өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанын және жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp