Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары, жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорын қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеуде.
Өртті үйлестіру үшін жедел штаб құрылып, жағдайды ТЖМ басшылығы тікелей бақылауына алған.
[video width="1920" height="1080" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/07/kaz.mp4"][/video]
Жалынды ауыздықтауға 130-ға жуық маман мен 70-тен астам арнайы техника жұмылдырылған.
Өрт ошағы төрт учаскеге бөлініп, оның әрі қарай таралуына жол бермеу үшін инженерлік техниканың көмегімен өрт шетіне инертті материал төселіп жатыр.
Мамандардың айтуынша, қою түтін мен қоқыс үйінділерінің борпылдақ әрі тұрақсыз болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда. Бұл арнайы техниканың қозғалысына да, өрт сөндірушілердің жұмысына да кедергі келтіріп отыр.
Өрт ошақтарына материал жеткізуді жеңілдету үшін полигонның батыс бөлігінде ұзындығы шамамен 200 метр болатын уақытша жол салынды. Қазірдің өзінде өртті оқшаулауға 2,6 мың тоннаға жуық инертті материал жеткізілген.
ТЖМ мәліметінше, жағдай бақылауда, ал құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.