Мазмұнға өту
qandastar.

Астанадағы көпірде жол апаты орын алды

bahitzhanabzal · · 173 қаралым
Астанадағы көпірде жол апаты орын алды

Фото:astanasergek

Астанадағы көпірлердің бірінде жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды. Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram-дағы astana__sergek парақшасы жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz

Елордалық полиция департаменті мәліметінше, апат М-1 көпірінде болған.

Toyota көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай келе жатып, рульді басқара алмай, жоғары жылдамдықпен көпірдің қоршауына соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады жол полициясы.

Бөлісу: Telegram WhatsApp