Елордадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды
порталы.
Бұл мәселе Астана мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаралды.
Қалалық Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабектің айтуынша, қоғамдық ұйымдардан LRT-ға жаңа атау беру жөнінде бірнеше ұсыныс түскен.
Ономастика комиссиясының отырысында "Сұңқар", "Лашын", "Құлан", "Аспан" және басқа да нұсқалар талқыланған.
Нәтижесінде комиссия мүшелері жүйеге "Тарлан Астана" атауын беруді бірауыздан қолдаған.
Комиссия мүшелері Астана LRT жеңіл рельсті көлік жүйесіне "Тарлан Астана" атауын бір ауыздан қолдады
Ал депутат Бауыржан Қасымбергебаевтың айтуынша, "Тарлан-Астана" атауын ономастикалық комиссия ұсынған.
Бұл шешімді қалалық ономастикалық комиссиямыз ұсынды, соның нәтижесінде біз бірнеше ұсынысты қарастырдық. Олар қала тұрғындарынан түсті, бүгін LRT атауын "Тарлан-Астана" деп өзгерту туралы шешім қабылданды
Енді бұл ұсыныс түпкілікті қарау үшін Республикалық ономастикалық комиссияға жолданады.