Мазмұнға өту
qandastar.

Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады

Бақытжан Мұса · · 223 қаралым
Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады

Астана тұрғындары мен қала қонақтары 16 мамырда іске қосылған LRT қызметін белсенді пайдаланып келеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram желісіндегі парақшасында жаңа көлік жүйесінің жұмысы туралы мәлімет жариялады.

Әкімнің айтуынша, LRT іске қосылғалы бері екі апта ішінде жолаушылар саны 1 миллион адамға жеткен. Қазіргі таңда күн сайын шамамен 65-75 мың адам жеңіл рельсті көлікті пайдаланады.

«Бұл тұрғындар мен қала қонақтарының қоғамдық көліктің жаңа түріне деген жоғары қызығушылығын көрсетеді. LRT қызметін таңдаған, жаңа көлік жүйесіне сенім артқан және инфрақұрылымға ұқыпты қарайтын барлық жолаушыларға алғыс айтамын», – деді Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу: Telegram WhatsApp